Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 17 қазандағы № 386 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 17 қазанда № 4353 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 69, 115 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына сәйкес Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "АБК-Автодор НС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне айналма жолды орналастырып, қызмет көрсету үшін уақытша жер пайдалану құқығына 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Мойынқұм ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Калымбетов Бакытжан Алдасугировичке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Мусаев

  Мойынқұм аудан әкімдігінің
2019 жылғы ____№____
қаулысына қосымша

Айналма жолды орналастырып, қызмет көрсету үшін қауымдық сервитут белгіленген жер көлемдері

Жер пайдаланушылардың атауы

Жалпы көлемі (гектар)

Оның ішінде

Жайылым (гектар)

Шабындық (гектар)

Бөгде жер (гектар)

Құрылыс асты (гектар)

1.

Көктерек жер қоры

12,2831

12,2831

-

-

-

2.

Амангелді жер қоры

30,6794

30,6794

-

-

-

3.

Мал айдау жолы

4,4789

4,4789

-

-

-

4.

Айдарлы жер қоры

4,4333

4,4333

-

-

-

5.

Хантау жер қоры

9,316

9,316

-

-

-

6.

Бірлік ауылдық округі

1,091

1,091

-

-

-

7.

Хантау ауылдық округі

4,0833

4,0833

-

-

-

8.

Биназар ауылдық округі

3,3199

3,3199

-

-

-

Барлығы:

69,6849

69,6849

-

-

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады