Орманда өрт қаупі жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың Қарағанды облысында мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы және орман пайдалану құқығын шектеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 20/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 сәуірде № 5281 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексіне (бұдан әрі - Кодекс), Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 18-02/942 "Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12351 болып тіркелген) сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Кодекстің 37 бабының 1 тармағының 2) және 4) тармақшаларында белгіленген орман пайдаланушылар құқықтарын қоспағанда, Қарағанды облысының мемлекеттік орман қорының аумағында орман өрт қаупі жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың болуына тыйым салынсын және орман пайдалану құқығы шектелсін.

      2. "Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте Қарағанды облысы мемлекеттiк орман қоры аумағында ормандарды күзетудi, қорғауды ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін және орман пайдалануды реттесiн.

      3. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 08 қыркүйектегі № 51/04 "Өрт қаупі жоғары кезеңде жеке тұлғалардың Қарағанды облысының мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу және орманды пайдалану құқығын шектеу туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3447 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 29 қазанда № 151-152 (21902-21903) "Индустриальная Караганда" газетінде, 2015 жылғы 29 қазанда № 175-176 (22 060) "Орталық Қазақстан" газетінде жарияланған).

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. "Орманда өрт қаупі жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың Қарағанды облысында мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы және орман пайдалану құқығын шектеу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады