"САРЫ-АРҚА" магистральдық газ құбырының орналастыру үшін Қарағанды облысының аумағындағы жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 23/02 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2019 жылғы 2 мамырдағы № 27/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 6 мамырда № 5324 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", 2012 жылғы 22 маусымдағы "Магистральдық құбыр туралы" заңдарына, "ҚазТрансГаз" 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 1-40-3478 және "АстанаГаз ҚМК" акционерлік қоғамдарының 2019 жылғы 9 қаңтардағы №01-08/15 өтініштеріне, "Сарыарқа" МГ салу" (1-ші кезең. "Қызылорда-Астана" МГ учаскесі) жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы сатып алу-сату 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 09/38-АГ/04 шартына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "САРЫ-АРҚА" магистральдық газ құбырының орналастыру үшін Қарағанды облысының аумағындағы жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 23/02 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4800 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 8 маусымда электрондық түрде жарияланған, "Индустриальная Караганда" 2018 жылғы 9 маусымдағы № 62 (22321) және "Орталық Қазақстан" 2018 жылғы 9 маусымдағы № 61 (22513) газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "АстанаГаз ҚМК" акционерлік қоғамы (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеу, шығындардың мөлшері және оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен анықталсын."

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Шайдаровқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады