Қарағанды облысының сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидаларды бекіту туралы

Қарағанды облыстық мәслихатының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 467 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 желтоқсанда № 5552 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 37 "Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18709 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды облысының сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қоса берілген қағидалар бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарағанды облыстық мәслихаттың құрылыс, транспорт және коммуналды шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясына (Н.И. Иманов) жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Д. Мухамеджанов
      Облыстық мәслихат хатшысы С. Утешов

  Қарағанды облыстық мәслихатының
2019 жылғы "____" _______
№ _______
шешімімен бекітілді

Қарағанды облысының сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қарағанды облысының сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-2-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерлерде орналастыру тәртібі мен шарттарын реттейді.

      3. Қағидалар Қарағанды облысының аумағында жарнаманы өндіретін, тарататын, орналастыратын және пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметі барысында туындайтын қатынастарға таралады.

      4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жарнама – кез келген құралдардың көмегімен кез келген нысанда таратылатын және (немесе) орналастырылатын, адамдардың белгісіз тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаға, тауарларға, тауар белгілеріне, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға және оларды өткізуге жәрдемдесуге арналған ақпарат;

      2) жарнама таратушы – мүлiктi, оның iшiнде телерадио хабарларын таратудың тexникалық құралдарын беру және (немесе) пайдалану жолымен және өзге де тәсiлдермен жарнамалық ақпаратты тарату мен орналастыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      3) жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      4) көше жиһазы (жабдығы) - елді мекендерде үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орнатылатын декоративтік сипаттағы және практикалық пайдаланылатын объектілер (гүл құмыралары, павильондар, отырғыштар, орындықтар, жәшіктер, қоғамдық көлік аялдамалары, ақпараттық панель, балалар ойындарына және ересек тұрғындардың демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);

      5) маңдайша – дараландыру құралдарын қоса алғанда, жеке және заңды тұлғалардың атауы және қызметінің түрі туралы ғимаратқа кірер жолдардың саны бойынша оған кірер жолдың шегінде және (немесе) алып жатқан аумақ қоршауына кірер жолда, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың нақты тұрған және тауарларды өткізетін, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін жерлердегі ғимараттарының, оларға жапсарлас құрылыстарының және уақытша құрылысжайларының шегіндегі шатырларда және қасбеттерде орналастырылатын ақпарат;

      6) сыртқы (көрнекі) жарнама – сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде орналастырылған және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде көзбен көруге қол жетімді жарнама;

      7) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі – жарнаманы тарату және (немесе) орналастыру үшін пайдаланылатын құрылысжайлар, әртүрлі көлемдегі немесе жалпақ конструкциялар, оның ішінде экрандар мен электронды таблолар, жарықты конструкциялар және өзге де құралдар;

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі

      5. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде, оның ішінде ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жақтарына орналастырылатын жарнама бейнелерін және (немесе) ақпаратын бейнелеу және салу арқылы жүзеге асырылады.

      6. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілеріндегі жарнамалық бейнелер және (немесе) ақпарат Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың дәріптелуін, порнографияны насихаттау немесе үгіттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді тарату үшін пайдаланылмауға тиіс.

      7. Жарнама әлемдік немесе ұлттық мәдени игілікті, мемлекеттік рәміздерді (елтаңбаларды, туларды, әнұрандарды), кез келген мемлекеттің валютасын, діни рәміздерді, қандай да бір жеке немесе заңды тұлғаларды, қызметті, кәсіпті және тауарды құрайтын өнер объектілеріне нұқсан келтірмеуі тиіс.

      8. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, оның ішінде нұсқағыштарды орналастыру Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, автомобиль жолдары және жол жүрісі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Сыртқы (көрнекі) жарнамаға:

      1) маңдайша;

      2) жұмыс режимі туралы ақпарат;

      3) арнайы бөлінген орындарда орналастырылатын мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишалары;

      4) қызмет көрсетудің техникалық құралдарын және көлік құралдарын дараландыру;

      5) мұнай өнімдерінің түрлері, мұнай өнімдерінің бағалары, сатушының атауы мен логотипі туралы автожанармай құю станцияларына кірген жерде орналастырылатын ақпарат;

      6) мәдени құндылықтар туралы және (немесе) тарихи-мәдени мұра объектілері туралы, оның ішінде тарих пен мәдениет ескерткiштерi туралы ақпарат (мәліметтер);

      7) айырбастау пункттерінің жанында орналастырылатын, қолма-қол шетел валютасын теңгемен сатып алу және (немесе) сату бағамдары туралы мәліметтер бар ақпарат;

      8) сырттан көзбен көру үшін сөрелер мен терезелерді мынадай:

      үй-жайлардың ішінде орналастырылатын тауар өнімі;

      көрсетілетін қызмет түрлері;

      дараландыру құралдары;

      декоративтік және мерекелік безендіру сипатындағы ішкі безендіру жатпайды.

      10. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы жергілікті атқарушы органдар не өткізілген ашық конкурстардың қорытындысы негізінде жергілікті атқарушы органдармен жасалған тиісті шарттар негізінде өз қаражаты есебінен инвесторлар орнататын көше жиһазына (жабдығына) орналастыруға жол беріледі. Жеке және заңды тұлғалар инвесторлар бола алады.

      11. Тротуарлар мен велосипед жолдарын қоспағанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерден жер учаскелері азаматтар мен заңды тұлғаларға сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру үшін жалпыға ортақ пайдалануға нұқсан келтірместен уақытша жер пайдалануға беріледі.

      12. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеудің жер учаскелері жолдың көліктік-пайдалану сапасының төмендеуіне жол бермеу, көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау жағдайында сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру үшін беріледі.

      13. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы тарих пен мәдениет ескерткiштерiнде және олардың қорғау аймақтарында, ғибадат ғимараттарында (құрылысжайларында) және оларға бөлінген аумақ пен олардың қоршауларында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналастыруға жол берілмейді.

      14. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру туралы хабарлама жіберілген жағдайда жол беріледі.

      15. Жергілікті атқарушы органдарға тиісті хабарлама жібермей, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін өз еркінше орналастыруға жол берілмейді.

      16. Хабарламаларды сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыратын жарнама таратушылар:

      облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына – сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар қалалардағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, облыстық маңызы бар қалалардың аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру кезінде;

      аудандардың жергілікті атқарушы органдарына – сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастырған кезде жібереді.

      17. Хабарлама сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырудың болжамды күніне дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      18. Хабарламаға:

      1) сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру кезеңі мен орны туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (хабарламада көрсетіледі);

      2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақының енгізілгенін растайтын құжат;

      3) нобайларымен қоса жарнаманың қазақ және орыс тілдерінде еркін нысандағы сипаты қоса беріледі.

      19. Жергілікті атқарушы органдар хабарлама бойынша ұсынылған материалдарға жойылуы міндетті жазбаша уәжді ескертулер береді.

      Жергілікті атқарушы органдар ескертулер берген жағдайда, сыртқы (көрнекі) жарнама ескертулер жойылған жағдайда ғана орналастырылуы мүмкін.

      20. Жергілікті атқарушы органдар хабарламаны алған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде жауап ұсынбаған жағдайда, өтініш беруші өзі мәлімдеген мерзімде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыра алады.

      21. Көлiк құралдарында жарнама орналастыру сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру туралы хабарлама жіберілмей және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы алынбай жүзеге асырылады.

      22. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі, елді мекендерден тыс үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуден тыс жерлерде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін Салық кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде төлемақы алынады.

      23. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірінші және кейінгі айлары үшін төлем мөлшері сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру жағында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бейнелерді, бейнекөріністерді, жүгіретін жолдарды қоса алғанда, төленген ай ішінде орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама санына қарамастан, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жағының орналасқан жері мен алаңына қарай, салық кодексімен бекітілген базалық ай сайынғы мөлшерлемелерге сәйкес есептеледі.

      Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі жағының алаңына сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру төленген күнтізбелік ай ішінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жағына бұрын енгізілген төлемді растайтын құжатты қоса бере отырып, хабарлама жіберу жолымен жүзеге асырылады.

      Үй-жайдың ішінде орналастырылатын бейнелер мен бейнекөріністер тауар өнімін және көрсетілетін қызметтердің түрлерін сипаттайтын сыртқы көзбен көру үшін сөрелер мен терезелердің ішкі безендірілуіне жатады.

      24. Сыртқы (көрнекі) жарнама жаяу жүргіншілердің өтуіне және көшелер мен тротуарларды механикалық тазалауға кедергі жасамауы тиіс.

      25. Жарықты сыртқы (көрнекі) жарнаманы және маңдайшаларды пайдаланатын кәсіпорындар, жанып кеткен жарық элементтерін уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етуі тиіс. Жарықты жарнаманың немесе маңдайшаның жекелеген белгілері жарамсыз болған жағдайда жарнаманы немесе маңдайшаны өшіру қажет.

      26. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, бақылау субъектісіне бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным жіберіледі.

      27. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы бөлшектеген жағдайда жарнама таратушы салық төлеушілер тізілімінен алып тастау үшін Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесіне жазбаша хабардар етуі қажет.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      28. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру объектiлерiнiң меншiк иелерiмен немесе, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру объектiлерiне өзге де заттық құқықтарға ие адамдармен жасалған шарттың негiзiнде жүзеге асырылады.

  Қарағанды облысының сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидаларына қосымша
  Нысан
  Жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі
  ____________________________
  (басшының аты, әкесінің аты (болған кезде) тегі)
  ____________________________
  жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (болған кезде) тегі, немесе заңды тұлғаның толық атауы
  ____________________________
  мекенжайы ___________________________
  жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН ____________________________
  байланыс телефоны

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінен тыс жерде орналастыру туралы ХАБАРЛАМА

      Меншік иесі ________________________________________________________

      сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің иесін көрсету

      _____________________________________________________________________________________

      сыртқы (көрнекі) жарнама объектісіне меншік (құқық иелену) құқығын растайтын құжатты көрсету

      МӘЛІМЕТТЕР НЫСАНЫ:

      Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру орны _________________________

      __________________________________________________________________

      Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру кезеңі _________________________________

      __________________________________________________________________

      Эскиз сипаттамасы ____________________________________________________

      сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің түрі, сипаттамасы

      Сыртқы (көрнекі) жарнама параметрлері мен саны ____________________

      __________________________________________________________________

      сыртқы (көрнекі) жарнаманың ұзындығын, енін, санын көрсету

      Қосымша:

      1) сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы алынғанын растайтын құжат;

      2) эскиз.

      Күні _____________ Қолы _______________________

      МО

Об утверждении Правил о порядке и условиях размещения наружной (визуальной) рекламы на открытом пространстве за пределами помещений в населенных пунктах, в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования, на открытом пространстве за пределами помещений вне населенных пунктов и вне полосы отвода автомобильных дорог общего пользования Карагандинской области

Решение Карагандинского областного маслихата от 28 ноября 2019 года № 467. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 4 декабря 2019 года № 5552.

      В соответствии с законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 19 декабря 2003 года "О рекламе", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 13 мая 2019 года № 37 "Об утверждении Правил размещения наружной (визуальной) рекламы на открытом пространстве за пределами помещений в населенных пунктах, в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования, на открытом пространстве за пределами помещений вне населенных пунктов и вне полосы отвода автомобильных дорог общего пользования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 18709), Карагандинский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила о порядке и условиях размещения наружной (визуальной) рекламы на открытом пространстве за пределами помещений в населенных пунктах, в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования, на открытом пространстве за пределами помещений вне населенных пунктов и вне полосы отвода автомобильных дорог общего пользования Карагандинской области.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию по строительству, транспорту и коммунальному хозяйству Карагандинского областного маслихата (Иманов Н.И.).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Д. Мухамеджанов
      Секретарь областного маслихата С. Утешов

  Утверждены
решением Карагандинского
областного маслихата
от "___" _________ 2019 года
№ ____

Правила о порядке и условиях размещения наружной (визуальной) рекламы на открытом пространстве за пределами помещений в населенных пунктах, в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования, на открытом пространстве за пределами помещений вне населенных пунктов и вне полосы отвода автомобильных дорог общего пользования Карагандинской области

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила о порядке и условиях размещения наружной (визуальной) рекламы на открытом пространстве за пределами помещений в населенных пунктах, в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования, на открытом пространстве за пределами помещений вне населенных пунктов и вне полосы отвода автомобильных дорог общего пользования Карагандинской области (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 17-2 Закона Республики Казахстан от 19 декабря 2003 года "О рекламе".

      2. Правила определяют порядок и условия размещения наружной (визуальной) рекламы на открытом пространстве за пределами помещений в населенных пунктах, в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования, на открытом пространстве за пределами помещений вне населенных пунктов и вне полосы отвода автомобильных дорог общего пользования.

      3. Правила распространяются на отношения, возникающие в процессе деятельности физических и юридических лиц, производящих, распространяющих, размещающих и использующих рекламу на территории Карагандинской области.

      4. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) реклама – информация, распространяемая и (или) размещаемая в любой форме с помощью любых средств, предназначенная для неопределенного круга лиц и призванная формировать или поддерживать интерес к физическому или юридическому лицу, товарам, товарным знакам, работам, услугам и способствовать их реализации;

      2) рекламораспространитель – физическое или юридическое лицо, осуществляющее распространение и размещение рекламной информации путем предоставления и (или) использования имущества, в том числе технических средств телерадиовещания и иными способами;

      3) местный исполнительный орган – коллегиальный исполнительный орган, возглавляемый акимом области, города республиканского значения и столицы, района (города областного значения), осуществляющий в пределах своей компетенции местное государственное управление и самоуправление на соответствующей территории;

      4) уличная мебель (оборудование) – объекты декоративного характера и практического использования (вазы для цветов, павильоны, беседки, скамьи, урны, остановки общественного транспорта, информационная панель, оборудование и конструкции для игр детей и отдыха взрослого населения), устанавливаемые в населенных пунктах на открытом пространстве за пределами помещений;

      5) вывеска – информация о наименовании и роде деятельности физических и юридических лиц, включая средства их индивидуализации, размещаемая в пределах входа в здание по числу входов в него и (или) на входе ограждения занимаемой территории, а также крышах и фасадах в пределах зданий, пристроек к ним и временных сооружений физических и юридических лиц в местах их фактического нахождения и реализации товаров, выполнения работ и оказания услуг;

      6) наружная (визуальная) реклама – реклама, размещенная на объектах наружной (визуальной) рекламы и доступная визуальному восприятию на открытом пространстве за пределами помещений в населенных пунктах, в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования, на открытом пространстве за пределами помещений вне населенных пунктов и вне полосы отвода автомобильных дорог общего пользования;

      7) объект наружной (визуальной) рекламы – сооружения, различного рода объемные или плоскостные конструкции, в том числе экраны и электронные табло, световые конструкции, и иные средства, используемые для распространения и (или) размещения рекламы;

      Иные понятия и термины, используемые в настоящих Правилах, применяются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Порядок размещения наружной (визуальной) рекламы на открытом пространстве за пределами помещений в населенных пунктах, в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования, на открытом пространстве за пределами помещений вне населенных пунктов и вне полосы отвода автомобильных дорог общего пользования

      5. Размещение наружной (визуальной) рекламы осуществляется путем отображения и нанесения рекламных изображений и (или) информации на объектах наружной (визуальной) рекламы, в том числе размещаемых на внешних сторонах зданий (сооружений).

      6. Рекламные изображения и (или) информация на объектах наружной (визуальной) рекламы не должны использоваться для пропаганды или агитации насильственного изменения конституционного строя, нарушения целостности Республики Казахстан, подрыва безопасности государства, войны, социального, расового, национального, религиозного, сословного и родового превосходства, культа жестокости и насилия, порнографии, а также распространения сведений, составляющих государственные секреты Республики Казахстан и иные охраняемые законом тайны.

      7. Реклама не должна порочить объекты искусства, составляющие мировое или национальное культурное достояние, государственные символы (гербы, флаги, гимны), валюту любого государства, религиозные символы, какие-либо физические или юридические лица, деятельность, профессию и товар. 

      8. Размещение объектов наружной (визуальной) рекламы, в том числе указателей, осуществляется в соответствии с Земельным кодексом Республики Казахстан от 20 июня 2003 года, законодательством Республики Казахстан об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, автомобильных дорогах и о дорожном движении.

      9. К наружной (визуальной) рекламе не относятся:

      1) вывеска;

      2) информация о режиме работы;

      3) афиши культурных, спортивных и спортивно-массовых мероприятий, размещаемые в специально отведенных местах;

      4) индивидуализация технических средств обслуживания и транспортных средств;

      5) информация о видах нефтепродуктов, ценах на нефтепродукты, наименовании и логотипе продавца, размещаемая при въезде на автозаправочные станции;

      6) информация (сведения) о культурных ценностях и (или) об объектах историко-культурного наследия, в том числе о памятниках истории и культуры;

      7) информация, содержащая сведения о курсах покупки и (или) продажи наличной иностранной валюты за тенге, размещаемая возле обменных пунктов;

      8) внутреннее оформление витрин и окон для внешнего визуального восприятия следующего характера:

      товарная продукция, размещаемая внутри помещений;

      виды оказываемых услуг;

      средства индивидуализации;

      декоративное и праздничное оформление.

      10. Допускается размещение наружной (визуальной) рекламы на уличной мебели (оборудовании), устанавливаемой местными исполнительными органами либо инвесторами за счет собственных средств на основании соответствующих договоров с местными исполнительными органами, заключенных на основании итогов проведенных открытых конкурсов. Инвесторами могут быть физические и юридические лица.

      11. Земельные участки из земель общего пользования, за исключением тротуаров и велосипедных дорожек, предоставляются гражданам и юридическим лицам во временное землепользование под размещение объектов наружной (визуальной) рекламы без ущерба для общего пользования.

      12. Участки земель полосы отвода автомобильных дорог общего пользования предоставляются для размещения объектов наружной (визуальной) рекламы при условиях недопущения снижения транспортно-эксплуатационных качеств дороги, соблюдения требований безопасности движения транспортных средств и охраны окружающей среды.

      13. Не допускается размещение наружной (визуальной) рекламы на памятниках истории и культуры и в их охранных зонах, на культовых зданиях (сооружениях) и на отведенной им территории и их ограждениях, а также на особо охраняемых природных территориях.

      14. Размещение наружной (визуальной) рекламы на объектах наружной (визуальной) рекламы допускается при условии направления уведомления о размещении наружной (визуальной) рекламы на открытом пространстве за пределами помещений в населенных пунктах, в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования, на открытом пространстве за пределами помещений вне населенных пунктов и вне полосы отвода автомобильных дорог общего пользования по форме согласно приложению к настоящим Правилам в соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 мая 2014 года "О разрешениях и уведомлениях".

      15. Не допускается самовольное размещение объектов наружной (визуальной) рекламы без соответствующего уведомления местных исполнительных органов.

      16. Уведомления направляются рекламораспространителями, размещающими наружную (визуальную) рекламу:

      в местные исполнительные органы городов областного значения – при размещении наружной (визуальной) рекламы на открытом пространстве за пределами помещений в городах областного значения, в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования, проходящих через территории городов областного значения;

      в местные исполнительные органы районов – при размещении наружной (визуальной) рекламы на открытом пространстве за пределами помещений в городах районного значения, селах, поселках, в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования, проходящих через территории городов районного значения, сел, поселков, сельских округов, на открытом пространстве за пределами помещений вне населенных пунктов и вне полосы отвода автомобильных дорог общего пользования.

      17. Уведомление направляется не менее чем за пять рабочих дней до предполагаемой даты размещения наружной (визуальной) рекламы на объектах наружной (визуальной) рекламы.

      18. К уведомлению прилагаются:

      1) форма сведений, содержащая информацию о периоде и месте размещения наружной (визуальной) рекламы (указывается в уведомлении);

      2) документ, подтверждающий внесение платы за первый месяц размещения наружной (визуальной) рекламы в соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)" (далее – Налоговый кодекс);

      3) описание рекламы в произвольной форме на казахском и русском языках с приложением ее эскизов.

      19. Местные исполнительные органы дают обязательные для устранения письменные мотивированные замечания к представленным материалам по уведомлению.

      В случае представления местными исполнительными органами замечаний наружная (визуальная) реклама может быть размещена только при условии устранения замечаний.

      20. В случае непредставления местными исполнительными органами ответа в течение четырех рабочих дней со дня получения уведомления заявитель может разместить наружную (визуальную) рекламу в заявленные им сроки.

      21. Размещение рекламы на транспортных средствах осуществляется без направления уведомления о размещении наружной (визуальной) рекламы и без взимания платы за размещение наружной (визуальной) рекламы.

      22. За размещение наружной (визуальной) рекламы на объектах наружной (визуальной) рекламы на открытом пространстве за пределами помещений в населенных пунктах, в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования, на открытом пространстве за пределами помещений вне населенных пунктов и вне полосы отвода автомобильных дорог общего пользования взимается плата в порядке и размерах, установленных Налоговым кодексом.

      23. Размер платы за первый и последующие месяцы размещения наружной (визуальной) рекламы рассчитывается в соответствии с базовыми ежемесячными ставками, утвержденными Налоговым кодексом, исходя из места расположения и площади стороны размещения наружной (визуальной) рекламы, вне зависимости от количества размещаемой наружной (визуальной) рекламы, в том числе изображений, видеоизображений, бегущих строк на государственном и русском языках на стороне размещения объекта наружной (визуальной) рекламы в течение уплаченного месяца.

      Размещение наружной (визуальной) рекламы на площади стороны объекта наружной (визуальной) рекламы в течение уплаченного календарного месяца, осуществляется путем направления уведомления с приложением документа, подтверждающего ранее внесенную плату за сторону размещения наружной (визуальной) рекламы.

      Изображения и видеоизображения, размещаемые внутри помещения, относятся к внутреннему оформлению витрин и окон для внешнего визуального восприятия, характеризующие товарную продукцию и виды оказываемых услуг.

      24. Наружная (визуальная) реклама не должна создавать помех для прохода пешеходов и механизированной уборки улиц и тротуаров.

      25. Предприятия, эксплуатирующие световую наружную (визуальную) рекламу и вывески, должны обеспечивать своевременную замену перегоревших световых элементов. В случае неисправности отдельных знаков световой рекламы или вывески необходимо выключать рекламу или вывеску.

      26. Государственный контроль за соблюдением законодательства Республики Казахстан о рекламе осуществляется в форме проверки и профилактического контроля в соответствии с Предпринимательским кодексом Республики Казахстан.

      В случае выявления нарушений по результатам профилактического контроля без посещения субъекта (объекта) контроля субъекту контроля направляется рекомендация в срок не позднее пяти рабочих дней со дня выявления нарушений.

      27. В случае демонтажа наружной (визуальной) рекламы рекламораспространителю необходимо письменно уведомить структурное подразделение местного исполнительного органа, осуществляющее государственный контроль за соблюдением законодательства Республики Казахстан о рекламе, для исключения из реестра налогоплательщиков.

Глава 3. Заключительные положения

      28. Размещение наружной (визуальной) рекламы осуществляется на основе договора с собственниками объектов наружной (визуальной) рекламы или с лицами, обладающими иными вещными правами на объекты наружной (визуальной) рекламы, если законами или договором не предусмотрено иное.

  Приложение
к Правилам о порядке и условиях
размещения наружной (визуальной) рекламы на открытом пространстве за пределами помещений в населенных пунктах, в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования, на открытом пространстве за пределами помещений вне населенных пунктов и вне полосы отвода автомобильных дорог общего пользования Карагандинской области
  Форма
  Структурное подразделение местного исполнительного органа
___________________________________
  (фамилия, имя, отчество (при его наличии) руководителя)
  от___________________________ фамилия, имя, отчество (при его наличии) физического лица, либо полное наименование юридического лица
  ____________________________________
  ____________________________________
  адрес
  __________________________________
  ИИН физического или БИН юридического лица
  ____________________________________
  контактный телефон

УВЕДОМЛЕНИЕ о размещении наружной (визуальной) рекламы на открытом пространстве за пределами помещений в населенных пунктах, в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования, на открытом пространстве за пределами помещений вне населенных пунктов и вне полосы отвода автомобильных дорог общего пользования

      Собственник ________________________________________________________

      указать владельца наружной (визуальной) рекламы;

      ____________________________________________________________________________________

      указать документ, подтверждающий право собственности (правообладания) на объект наружной (визуальной) рекламы

      ФОРМА СВЕДЕНИЙ:

      Место размещения наружной (визуальной) рекламы __________________________

      ____________________________________________________________________

      Период размещения наружной (визуальной) рекламы _________________________________

      ____________________________________________________________________

      Описание эскиза ____________________________________________________

      вид объекта наружной (визуальной) рекламы, описание

      Параметры и количество наружной (визуальной) рекламы _____________________

      ___________________________________________________________________

      указать длину, ширину наружной (визуальной) рекламы, количество

      Приложение:

      1) Документ, подтверждающий внесение платы за размещение наружной (визуальной) рекламы;

      2) эскиз.

      Дата _____________ Подпись _______________________

      МП