Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 12 қыркүйектегі № 29/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 16 қыркүйекте № 5477 болып тіркелді. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 14 қарашадағы № 38/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 14.11.2023 № 38/02 (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7), 8) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:

      1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жалпы санының бір пайыз мөлшерінде;

      2) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жалпы санының бір пайыз мөлшерінде.

      2. Жезқазған қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 10/01 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4745 болып тіркелген, 2018 жылғы 25 мамырдағы № 20 (8083) "Сарыарқа" газетінде, 2018 жылғы 18 мамырдағы № 18 (224) "Жезказганский вестник" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 15 мамырында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жезқазған қаласының әкімі К. Бегімов

  Жезқазған қаласы әкімдігінің
2019 жылғы " ___ " _____________
№ __/___
қаулысына 1 қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Жезқазған қаласы ұйымдарының тізімі

Мекеменің аты-жөні

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (% қызметкерлердің тізімдік санының)

Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар үшін жұмыс орындар саны

1

"Акниет", "Уміт", "Жаса", "Жаңа Ғасыр" пәтер иелерінің кооперативі

48

1

1

2

"Шанс", "Арман Айда", "Достык Аян", "Янтарь", "Уют-2007" пәтер иелерінің кооперативі

40

1

1

3

"Тәуекел 2016", "Самга", "Жалгас", "Светлана-Луч", "Алтай 2006" пәтер иелерінің кооперативі

40

1

1

4

"Максим-2006", "Фортуна", "Строитель - 2006", "Надежда-1" пәтер иелерінің кооперативі

44

1

1

5

"UTARI KZ LTD" Өнеркәсіптік Кешені жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

437

1

4

6

"Құрылыс" жеке кәсіпкері

70

1

1

7

"Қалалық автожолдар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

160

1

2

8

"Жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорыны" акционерлік қоғамы

762

1

8

9

"Қарағанды облысы Жезқазған қаласының қарттар мен мүгедектерінің медициналық-әлеуметтік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

144

1

1

  Жезқазған қаласы әкімдігінің
2019 жылғы "___" ________________
№ __/__
қаулысына 2 қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, жұмыс орындары квотасы белгіленетін Жезқазған қаласы ұйымдарының тізімі

Мекеменің аты-жөні

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (% қызметкерлердің тізімдік санының)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар үшін

1

"Акниет", "Уміт" пәтер иелерінің кооперативі

48

1

1

2

"Қалалық автожолдар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

160

1

2

3

"Құрылыс" жеке кәсіпкері

70

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады