Балқаш қаласы және Саяқ, Гүлшат кенттерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 12/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 наурызда № 5255 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы", 2010 жылғы 29 сәуірдегі "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Заңдарына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Балқаш қаласы және Саяқ, Гүлшат кенттерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары С.Ж. Жаксылыковаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі А. Аглиулин

  Балқаш қаласы әкімдігінің
2019 жылғы "___" ______
№_____ қаулысына
қосымша

Балқаш қаласы және Саяқ, Гүлшат кенттерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1-тарау. Көтермелеудің түрлері

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйлықақы беру.

2-тарау. Көтермелеудің тәртібі

      2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерi Балқаш қаласы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) отырыстарында қаралады.

      3. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға аумақтық полиция органдары енгізеді.

      4. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      5. Ақшалай сыйақыны төлеу Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес қосымша аумақтық полиция органы бастығының бұйрығы шығарылады.

      6. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде, ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

       7. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарды көтермелеу шараларын аумақтық полиция органдары салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшері

      8. 10 айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.

      9. Ақшалай сыйақы бюджеттік заңнамаға сәйкес төленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады