Қаражал қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 1 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 қаңтарда № 5153 болып тіркелді. Күші жойылды - Ұлытау облысы Қаражал қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 1 ақпандағы № 5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Қаражал қаласының әкімдігінің 01.02.2023 № 5 (оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1243 "Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртiптi қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесiн бекiту туралы" қаулысына сәйкес, Қаражал қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қаражал қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қаражал қаласының әкімінің орынбасары Д. Джакуповқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Т. Досаев

  Қаражал қаласының әкімдігінің
201___ жылғы "_____"_______
№_________қаулысының
қосымшасы

Қаражал қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1 тарау. Көтермелеу түрлерi

      1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлерi:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйлықақы беру.

2 тарау. Көтермелеу тәртiбi

      2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Қаражал қаласы әкiмдiгiмен құрылатын қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) қарайды.

      3. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссия қарауына "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысының полиция департаменті Қаражал қаласы полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі енгiзедi.

      4. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.

      5. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін Комиссия қабылдаған шешiмге сәйкес, қосымша "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысының полиция департаменті Қаражал қаласы полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының бұйрығы шығарылады.

      6. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде, ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

      7. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарды көтермелеу "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысының полиция департаменті Қаражал қаласы полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі салтанатты жағдайда жүзеге асырылады.

3 тарау. Ақшалай сыйақының мөлшерi

      8. 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.

      9. Ақшалай сыйақы бюджеттік заңнамаға сәйкес төленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады