Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 32/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 маусымда № 5376 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 1 ақпандағы № 08/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 01.02.2021 № 08/01 (алғаш ресми жарияланған күнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңдарына және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, халықты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысандары мен меншік нысандарына қарамастан, Сәтбаев қаласының ұйымдарындағы қызметшілердің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде осы қаулының қосымшасына сәйкес жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Белгіленген квотаға сәйкес ұйымның тізбесіне енгізілген Сәтбаев қаласының жұмыс берушілеріне, квота енгізілген күннен бастап 6 (алты) күнтізбелік ай ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмыс орындарын ұсынсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ.Төлендинаға жүктелсін. 

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сәтбаев қаласының әкімі А. А. Ыдырысов

  Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2019 жылғы "__" _______ № ______
  қаулысына қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу үшін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны (адам)

Квота пайызы

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Сәт Тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

292

1

3

2

"Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

455

1

4


Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы

Постановление акимата города Сатпаев Карагандинской области от 29 мая 2019 года № 32/04. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 4 июня 2019 года № 5376. Утратило силу постановлением акимата города Сатпаев Карагандинской области от 1 февраля 2021 года № 08/01

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Сатпаев Карагандинской области от 01.02.2021 № 08/01 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" и приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 13898), в целях обеспечения занятости населения акимат города ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы, в организациях города Сатпаев независимо от организационно-правовой формы и формы собственности в размере одного процента от списочной численности работников организации согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Работодателям города Сатпаев, включенным в перечень организации, в соответствии с установленной квотой в течение 6 (шести) календарных месяцев со дня введения квоты предоставлять рабочие места для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы, по направлению центра занятости города Сатпаев.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Толендину А.К.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Сатпаев А.А. Идрисов

  Приложение
к постановлению акимата
города Сатпаев
от "__"_______ 2019 года
№ ________

Перечень организаций, для которых устанавливается квота рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы

Наименование организации

Списочная численность работников, (человек)

Размер квоты (% от списочной численности работников)

Количество рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы (человек)

1

Товарищество с ограниченной ответственностью "Сәт Тазалық"

292

1

3

2

Товарищество с ограниченной ответственностью "Сатпаевское предприятие тепловодоснабжения"

455

1

4