Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 4 наурыздағы № 11/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 наурызда № 5212 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі, "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Саран қаласында және Ақтас кентінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар үшін көтермелеудің түрлері мен тәртібі және ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Ералы Серикович Оспановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Саран қаласының әкімі Е. Темирханов

  Саран қаласы әкімдігінің
2019 жылғы "___"_________
қаулысына қосымша
№ ______

Саран қаласында және Ақтас кентінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және ақшалай сыйақының мөлшері

1-тарау. Көтермелеу түрлері

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйлықақы беру.

2-тарау. Көтермелеу тәртібі

      2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Саран қаласының әкімдігімен құрылатын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.

      3. Комиссия құрамына жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, ішкі істер органдарының өкілдері енгізіледі.

      4. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныстарды комиссияға қарауға аумақтық полиция органдары енгізеді.

      5. Комиссия қабылдайтын шешім азаматтарды көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      6. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес қосымша аумақтық полиция органы бастығының бұйрығы шығарылады.

      7. Көтермелеу түрлерін, оның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін көтермеленушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отырып, Комиссия белгілейді.

      8. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеуді аумақтық полиция органдары салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшері

      9. 10 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшердегі ақшалай сыйақы.

      10. Ақшалай сыйақы бюджеттік заңнамаға сәйкес төленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады