Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 01/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 16 қаңтарда № 5154 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 20/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 31.03.2021 № 20/01 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7), 8) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №412 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:

      1) 1 қосымшаға сәйкес Бұқар жырау ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының тізімдік санының 1% мөлшерінде;

      2) 2 қосымшаға сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының тізімдік санының 1% мөлшерінде.

      2. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 05/01 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4618 тіркелген, 2018 жылғы 3 наурыздағы № 9 (1250) аудандық "Бұқар жырау жаршысы" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылы 3 наурызда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Айганым Жолшоровна Акпановаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ш. Мамалинов

  Бұқар жырау ауданы әкімдігінің
2018 жылғы ________________
№________ қаулысына
1-қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

№р/с

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квоталанған жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Шатан" шаруашылық қожалығы

24

1

2

Бұқар жырау ауданы әкімиятының (шаруашылық жүргізу құқығындағы) "Ботақара су қожылығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

33

1

3

"Ботакара жылу" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

130

1

4

"Көркем-2012" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

5

1

5

"Амин" шаруашылық қожалығы

11

1

6

"Надежда" шаруашылық қожалығы

2

1

7

"Колос" шаруашылық қожалығы

2

1

8

"ПКФ "Медео" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

130

1

  Бұқар жырау ауданы әкімдігінің
2018 жылғы _________________
№___________ қаулысына
2-қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

№р/с

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квоталанған жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Шатан" шаруашылық қожалығы

24

1

2

Бұқар жырау ауданы әкімиятының (шаруашылық жүргізу құқығындағы) "Ботақара су қожылығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

33

1

3

"Ботакара жылу" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

130

1

4

"Көркем-2012" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

5

1

5

"Амин" шаруашылық қожалығы

11

1

6

"Надежда" шаруашылық қожалығы

2

1

7

"Колос" шаруашылық қожалығы

2

1

8

"ПКФ "Медео" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

130

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады