Байланыс формасы

Жаңаарқа ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 11/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 ақпанда № 5195 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы", 2010 жылғы 29 сәуірдегі "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Заңдарына сәйкес Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жаңаарқа ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Қанат Шубайұлы Қожықаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ю. Бекқожин

  Жаңаарқа ауданы
әкімдігінің қаулысына
қосымша

Жаңаарқа ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi

1. Көтермелеудiң түрлерi

      1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйлықақы беру.

2. Көтермелеудiң тәртiбi

      2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Жаңаарқа ауданы әкiмдiгiмен құрылатын қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) қарайды.

      3. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысының полиция департаменті Жаңаарқа ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ПБ) енгiзедi.

      4. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.

      5. Ақшалай сыйақыны төлеу Комиссия қабылдаған шешiмге сәйкес, қосымша ПБ бастығының бұйрығы шығарылады.

      6. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде, ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

      7. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарды көтермелеу шараларын ПБ салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

3. Ақшалай сыйақының мөлшерi

      8. 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.

      9. Ақшалай сыйақы бюджеттік заңнамаға сәйкес төленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады