Атауы жоқ көшеге атау беру туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 11 наурыздағы № 88 бірлескен қаулысы және Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 наурыздағы № VI-41/353 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 наурызда № 5236 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарқаралы қаласындағы Әлімқан Ермеков, Әлихан Бөкейханов, Мұхтар Әуезов, Қалибек Қуанышбаев, Сеңкібай батыр, Петр Теряев, Ахмет Байтұрсынов, Мақсұт Бекметов, Мәди Бәпиұлы көшелерімен қиылысқан, атауы жоқ көшеге Нөгербек Спатаевтың аты берілсін.

      2. Осы Қарқаралы ауданы әкімдігінің және Қарқаралы аудандық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Максутов
      Сессия төрағасы,
аудандық мәслихат хатшысы
С. Нуркенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады