Байланыс формасы

2019 жылға мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 03/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 қаңтарда № 5171 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Меншік түріне және ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдар үшін қызметкерлердің тізімдік санынан қосымшаға сәйкес мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. 

      Аудан әкімінің
міндеттерін атқарушысы
М. Жуманов

  Нұра ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "25" қаңтардағы
№ 03/01 қаулысына
қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі:

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан)

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны

1.

Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің, білім беру бөлімінің "Киевка № 2 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

78 

2.

Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің, білім беру бөлімінің "Киевка № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

57

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады