Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 1314 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 қаңтарда № 6660 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 4-тармағына және ""Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Қызылорда облысы әкімдігі қаулысының жобасына келісім беру туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 283 шешіміне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2. "Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облысы әкімінің
міндетін атқарушы
Қ. Ысқақов

  Қызылоpда облысы әкімдігінің 2019 жылғы "18" қаңтардағы №1314 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі


Лауазымдар атауы
1
Орман шаруашылығы КММ басшысы
2
Орман шаруашылығы КММ басшысының орынбасары
3
КММ орманшылық басшысы (орман күтуші)
4
КММ орманшылық басшысының орынбасары
5
КММ жоғары санаттағы біліктілік деңгейі жоғары мамандары: орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, ихтиолог, орман (учаске) шебері, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері
6
КММ бірінші санаттағы біліктілік деңгейі жоғары мамандары: орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, ихтиолог, орман (учаске) шебері, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері
7
КММ екінші санаттағы біліктілік деңгейі жоғары мамандары: орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, ихтиолог, орман (учаске) шебері, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері
8
КММ санатсыз біліктілік деңгейі жоғары мамандары: орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, ихтиолог, орман (учаске) шебері, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері
9
КММ жоғары санаттағы біліктілік деңгейі орташа мамандары: орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, ихтиолог, орман (учаске) шебері, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері
10
КММ бірінші санаттағы біліктілік деңгейі орташа мамандары: орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, ихтиолог, орман (учаске) шебері, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері
11
КММ екінші санаттағы біліктілік деңгейі орташа мамандары: орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, ихтиолог, орман (учаске) шебері, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері
12
КММ санатсыз біліктілік деңгейі орташа мамандары: орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, ихтиолог, орман (учаске) шебері, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      КММ – коммуналдық мемлекеттік мекеме;
      ЕҚТА - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады