2019 жылға жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 6 ақпандағы № 896 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 7 ақпанда № 6677 болып тіркелді

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес 2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квоталар белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Е.Меңлібаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы ауданының әкімі С. Мақашов

  Қармақшы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "6" ақпандағы №896 қаулысына қосымша

2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квоталар

Ұйымның атауы

Жұмыскер лердің тізімдік саны (адам)

Квотаның мөлшері (пайыз) жұмыскерлердің тізімдік санынан

Квота белгіленген жұмыс орындары ның саны (адам)

1

"Жосалы кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

70

1

1

2

"Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

17

1

1

3

"Төретам кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

19

1

1

4

"Төретам кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Төретам кенттік клуб үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

13

1

1

5

"Ақай ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

15

1

1

6

"Ақай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Ақай ауылдық клуб үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

12

1

1


Барлығы

146


6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады