"Қызылорда облысындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалар және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 16 мамырдағы № 121 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 19 тамыздағы № 343 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 тамызда № 6898 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2023 жылғы 30 мамырдағы № 29 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 30.05.2023 № 29 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің 368-бабына, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 20-бабының 23-15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 318 "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы және "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде номері 18712 болып тіркелген) Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қызылорда облысындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалардың және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 16 мамырдағы № 121 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5871 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 14 маусымында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімімен бекітілген Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғау қағидаларында:

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ағаштарды кесу - "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Рұқсаттар туралы Заң) 2 - қосымшаның 159 - тармағына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын ағаштарды кесу бойынша жұмыс";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:

      "27) ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу - уәкілетті орган белгілеген учаскелерде жүзеге асырылатын, ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу бойынша жұмыс.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Құрылыс салуға немесе басқа да жұмыстар жүргізуге бөлінетін учаскелерде жасыл екпелерді сақтау мүмкін болмаған жағдайда, ағаштарды кесу Рұқсаттар туралы Заңға сәйкес уәкілетті органның келісімі бойынша жүргізіледі.";

      2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Ағаштарды кесу, санитариялық кесу";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Ағаштарды кесу мынадай:

      1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс қызметін, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету;

      2) инженерлік абаттандыру объектілеріне, инженерлік желілерді реконструкциялау және салу, жерасты және жерүсті коммуникацияларына қызмет көрсету;

      3) авариялық және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде инженерлік абаттандыру объектілерінде жою;

      4) бұрыннан бар объектілердің аумағын абаттандыру және эстетикалық түрге келтіру, жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажеттігі;

      5) адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндіретін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне залал келтіретін ағаштарды санитариялық кесу жағдайларында жүзеге асырылады;

      6) ағаштар мен бұталар жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде өсіп тұрған кезде.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Жалпыға ортақ жерлердегі ағаштарды кесуді уәкілетті органның рұқсатымен осы жер учаскесінде қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.".

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Ағаштарды кесу кесілген ағаштардың орнына жеке және заңды тұлғалардан өтемдік отырғызу туралы кепілхат ұсынылған жағдайда уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдарына сәйкес қайта отырғызуға жататын ағаштар уәкілетті орган ағаштарды кесуге рұқсат беру құжаттарында көрсеткен учаскілерге кайта отырғызылады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

      Қызылорда облыстық мәслихатының
кезектен тыс 35-сессиясының төрағасы,
облыстық мәслихат хатшысы
Н. Байқадамов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады