Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 7 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 23 қаңтарда № 6663 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 13 мамырдағы № 86 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 13.05.2020 № 86 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 12590 нөмірімен тіркелген) бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазалы ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалсын.

      2. "Қазалы ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қазалы ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазалы ауданының әкімі М. Ергешбаев

Об определении единого организатора государственных закупок для заказчиков

Постановление акимата Казалинского района Кызылординской области от 22 января 2019 года № 7. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 23 января 2019 года № 6663. Утратило силу постановлением акимата Казалинского района Кызылординской области от 13 мая 2020 года № 86

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Казалинского района Кызылординской области от 13.05.2020 № 86 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 5) пункта 3 правил осуществления государственных закупок утвержденным Приказом Министра финансов Республики Казахстан от 11 декабря 2015 года № 648 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под номером 12590) акимат Казалинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить коммунальное государственное учреждение "Отдел государственных закупок Казалинского района" единым организатором государственных закупок для заказчиков.

      2. Коммунальному государственному учреждению "Отдел государственных закупок Казалинского района" в установленном заканодательством порядке принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Казалинского района".

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким Казалинского района М. Ергешбаев