"Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 қарашадағы № 238 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 12 ақпандағы № 275 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 ақпанда № 6689 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 207 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 30.03.2022 № 207 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 қарашадағы № 238 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6516 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 28 қарашада жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі-кемтар балалар) жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу) мөлшері тоқсан сайын әр кемтар балаға тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың XХХVІІІ
сессиясының төрағасы
Қ.Қожалепесов
      Аудандық мәслихат хатшысы К.Назымбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады