Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 318 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 қыркүйекте № 6925 болып тіркелді.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасын 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5тармағына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазалы аудандық мәслихатының
кезекті ХХХХVІ сессиясының төрағасы
C. Уримбаев
      Қазалы аудандық мәслихат хатшысы К. Назымбеков

  Қазалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы "27" қыркүйектегі №318 шешіміне қосымша

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері

      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен (бұдан әрі-мамандар) коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі-әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.

      2. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган - "Қазалы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырады.

      3. Әлеуметтік қолдау мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдердің негізінде мамандардан өтініш талап етпестен көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік қолдау екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы мамандардың дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

      5. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

      6. Алынып тасталды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 27.02.2020 № 376 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады