Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 886 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 қаңтарда № 6649 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 199 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 20.12.2020 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 12590 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қармақшы ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалсын.

      2. "Қармақшы ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Қармақшы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 798 "2019 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6440 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 28 қыркүйекте жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы ауданы әкімінің
міндетін уақытша атқарушы
Ә.Қошалақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады