2019 жылға арналған әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 мамырдағы № 41-2 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 маусымда № 6806 болып тіркелді

      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, “Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы” Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 8-тармағына және “Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес 2019 жылы Жалағаш ауданындағы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бюджеттік кредит берілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш аудандық мәслихатының
41-сессиясының мәслихатының
төрағасы
Е.БАҚБЕРГЕНҰЛЫ
      Жалағаш аудандық хатшысы М.ЕСПАНОВ

  2019 жылғы “30” мамырдағы №41-2 Жалағаш аудандық мәслихатының шешіміне қосымша

2019 жылы Жалағаш ауданындағы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар

Жалпы маман-дардың саны

Денсаулық сақтау саласы маман-дарының саны

Білім беру саласы маман-дарының саны

Әлеуметтік қамсыздан-дыру саласы маман-дарының саны

Мәдениет саласы маман-дарының саны

Спорт саласы маман-дарының саны

Агроөнер-кәсіптік кешен саласы маман-дарының саны

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

120

27

51

5

12

20

5


Тұрғын үй алу немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады