“Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі №205 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 қазандағы № 156 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 қазанда № 6928 болып тіркелді

      “Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңы 50-бабының 2-тармағына және “Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 637 қаулысына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. “Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 205 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5994 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Сарсенбаев
     
      “КЕЛІСІЛДІ”
“Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министірлігі Қызылорда
облысының полиция департаментi
Жалағаш ауданының полиция
бөлімі” мемлекеттiк мекемесiмен

  Жалағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы “3” қазандағы № 156 қаулысына қосымша
  Жалағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі №205 қаулысына қосымша

Жалағаш ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

      1. Көтермелеудің түрлері

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйақы беру.

2. Көтермелеудің тәртібі

      2. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдем қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Жалағаш ауданы әкімдігімен құрылатын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.

      3. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртiптi қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі ұсыныстарды Комиссияға қарауға “Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Қызылорда облысының полиция департаментi Жалағаш ауданының полиция бөлімі” мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Полиция бөлімі) енгiзедi.

      4. Комиссияның құрамына аудандық жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, полиция бөлімінің өкілдері енгізіледі.

      5. Комиссия қабылдаған шешім - көтермелеу үшін, ал комиссия қабылдаған шешімге сәйкес полиция бөлімі бастығының бұйрығы - көтермелеуге ақы төлеу үшін негіз болып табылады.

      6. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарға көтермелеу шараларын полиция бөлімі салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

3. Ақшалай сыйақының мөлшері

      7. Ақшалай сыйақының мөлшерін комиссия қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көтермеленетін адамның қосқан үлесін және ол немесе оның қатысуымен жолы кесілген құқыққа қарсы әрекеттің нәтижесінде келтірілуі мүмкін залалдың көлемін ескере отырып белгілейді және ол, әдетте, 10 айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

      8. Ақшалай сыйақыны төлеуді көтермелеуге ұсыныс енгізген полиция бөлімі облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады