Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 19 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 наурызда № 6738 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 21 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімінің 05.06.2019 № 21 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, “Азаматтық қорғау туралы” Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48-бабына, 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, “Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес және Жаңақорған ауданының әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2019 жылғы 11 наурыздағы № 4 хаттамасының негізінде Жаңақорған ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары А. Салыбеков тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданының әкімі Ғ. Әміреев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады