"2019 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Сырдария ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 14 қаулысына өзгерту мен толықтырулар енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 тамыздағы № 193 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 тамызда № 6901 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2019 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Сырдария ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 14 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6668 болып тіркелген және 2019 жылы 11 ақпанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерту мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1 қосымшасының 4-қатары жаңа редакцияда жазылсын:

4

"Бесарық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

120

2

2

      мынадай мазмұндағы 5-қатармен толықтырылсын:

5

"Ғалымжан" жеке кәсіпкері

5

1

1

      аталған қаулының 2 қосымшасының 2-қатары мынадай мазмұнмен толықтырылсын:

2

"Сәулет" өндірістік кооперативі

25

1

1

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Сырдария ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Г. КАЗАНТАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады