Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 5 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 қыркүйекте № 6921 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімінің 06.12.2019 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48-бабына, 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес Сырдария ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылорда облысы Сырдария ауданы аумағындағы "Айтек" су торабында апатты жағдайдың туындауы мүмкін болуына байланысты, объектіде объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Б.Лекеров тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р. Рустемов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады