Тапсырыс берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 16 қаңтардағы № 145 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 17 қаңтарда № 6657 болып тіркелді

      "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 12590 нөмірімен тіркелген) сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шиелі ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалсын.

      2. "Шиелі ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Б. Ысмағұловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шиелі ауданының әкімі Ә. Оразбекұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады