Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 33 "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй - жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 қазандағы № 225 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 24 қазанда № 4005 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы "Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы" Заңына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 33 "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй – жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2653 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 сәуірдегі "Маңғыстау" газетінде жарияланған) келесідей толықтыру енгізілсін:

      қосымшада:

      "реттік нөмірі келесідей мазмұндағы 14 жолмен толықтырылсын:

Жаңаөзен қаласы

14

"Жібек жолы" сауда орталығы № 39 бутик

Арай шағын ауданы, Маңғыстау 3 даңғылы

      ".

      2. "Маңғыстау облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкімен және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қ.Б. Жұмашевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі С. Трумов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады