"Қаламкас- Қаражанбас- Актау" магистральдық мұнай құбырының күзет аймағы шекарасын белгілеу және жерді пайдалану режимін айқындау туралы"

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 қарашадағы № 236 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 14 қарашада № 4028 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2012 жылғы 22 маусымдағы "Магистральдық құбыр туралы" заңдарына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмау және "Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау" магистральдық мұнай құбырының қауіпсіз пайдалану үшін жағдайлар жасау мақсатында меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай-ақ, осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес мұнай құбыры осінің әрбір жағынан елу метрден, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде мұнай құбыры осінің әрбір жағынан жиырма бес метрден күзет аймағының шекарасы белгіленсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес "Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау" магистральдық мұнай құбыры желісінің күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі айқындалсын.

      3. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Мұнайлы ауданының әкімі құрылыс нормалары мен қағидаларында белгіленген ең аз қашықтық шегінде магистральдық құбырға жатпайтын нысандарды салу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салсын.

      4. "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Е.Д. Дүзмағамбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.А. Қашақовқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі С. Трумов

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2019 жылғы "13" қарашадағы
  № 236 қаулысына 1-қосымша

"Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау" магистральдық мұнай құбырының күзет аймағына кіретін жерлер

Ауданның атауы

Ауылдың атауы

Магистральдық мұнай құбырының күзет аймағының көлемі, гектар

Оның ішінде:

Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер

оның ішінде:

басқа да алқаптар

 
егістік

көп жылдық екпелер

шабындық

жайылым

барлығы

суармалы егістік

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

 
1

Мұнайлы ауданы

Даулет ауылдық округі

31,4710

2,3729





26,9906

2,1075

Қызылтөбе ауылдық округі

51,3368






38,7565

12,5803

Батыр ауылдық округі

21,5245

2,4454





14,3087

4,7704


Барлығы


104,3323

4,8183





80,0558

19,4582

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2019 жылғы "13" қарашадағы
  № 236 қаулысына 2-қосымша

"Қаламкас-Қаражанбас-Ақтау" магистральдық мұнай құбырының күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі

      Магистральдық мұнай құбырының күзет аймағында:

      1) өткелдерді, қара жолдарды және магистральдық құбыр трассасы мен оның күзет аймағын өзге де уақытша немесе тұрақты көлікпен кесіп өтудің орналасу орындарын салу, жайластыру және пайдалану тәртібін магистральдық құбырдың меншік иесімен келіспей орнатуға;

      2) бағбандыққа және орман өсіруге, сондай-ақ жер жырту тереңдігі отыз бес сантиметрден аспайтын далалық ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін агротехникалық жұмыстар кешенінен басқа, магистральдық құбырдың меншік иесімен келісілмеген кез келген жұмысты орындауға;

      3) магистральдық құбырдың меншік иесі не оператор жайластырған, магистральдық құбырға қызмет көрсету мен оның физикалық қорғалуын қамтамасыз етуге арналған жолдарды рекультивациялауға, сондай-ақ магистральдық құбырда өртке қарсы және күзет функцияларын орындайтын қызметкерлердің осы жолдармен қозғалысына, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедергі келтіруге;

      4) кез келген құрылыстар мен ғимараттар салуға;

      5) автомобиль көлігі құралдарының, тракторлар мен механизмдердің тұрақтарын ұйымдастыруға;

      6) мелиоративтік жер жұмыстарын жүргізуге, суару және құрғату жүйелерін салуға;

      7) магистральдық құбырдың меншік иесінің келісімінсіз тау-кен, құрылыс салу, монтаждау және жару жұмыстарын жүргізуге, жерді тегістеуге;

      8) ұңғымалар, тікқазбалар орнатуға және топырақ сынамаларын (топырақ үлгілерінен басқа) алуға байланысты геологиялық түсіру, іздеу, геодезиялық және басқа да іздестіру жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады