Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 1073 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 мамырда № 3891 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 20.09.2022 № 02-02/1998 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алынып тасталды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 27.12.2021 № 02-02/2363 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ақтау қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары белгіленсін.

      Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 27.12.2021 № 02-02/2363 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысының міндетін атқарушы Г.Сулейманова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Д. Бегендіковке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ғ.Ниязов

  Ақтау қаласы әкімдігінің
  2019 жылғы "20" мамырдағы
  №1073 қаулысына
  1 қосымша

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

      Ескерту. 1 қосымша алынып тасталды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 27.12.2021 № 02-02/2363 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Ақтау қаласы әкімдігінің
  2019жылғы "20" мамырдағы
  №1073 қаулысына
  2 қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары

      Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 25.04.2023 № 11-07/701 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Ақтау қаласы

2 шағын аудан, Маңғыстау облысының білім басқармасының "Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында

3 шағын аудан, №145 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында

3А шағын аудан, №12 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында

3 шағын аудан, №10 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында

4 шағын аудан, №7 үйдің алдындағы аялдаманың оң жағында

5 шағын аудан, Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының оң жағында

6 шағын аудан, №19 үйдің артындағы аялдаманың сол жағында

6 шағын аудан, №36 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында

7 шағын аудан, №12 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында

8 шағын аудан, Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драмалық театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында

8 шағын аудан, №20 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында

9 шағын аудан, №39 ғимараттың алдындағы аялдаманың сол жағында

11 шағын аудан, №23 үйдің алдындағы аялдаманың сол жағында

11 шағын аудан, №38 үйдің алдындағы аялдаманың оң жағында

12 шағын аудан, №83 ғимараттың сол жағында

12А шағын аудан, "Мечта" сауда үйінің алдында

13 шағын аудан, №42 Б үйдің алдындағы аялдаманың оң жағында

15 шағын аудан, №35 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында

16 шағын аудан, №42 үйдің алдындағы аялдаманың сол жағында

17 шағын аудан, №104 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында

19 шағын аудан, №43 үйдің артындағы аялдаманың сол жағында

26 шағын аудан, "Достық" сауда орталығының алдында

27 шағын аудан, №25 үйдің артындағы аялдаманың сол жағында

28 шағын аудан, №47 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында

29 шағын аудан №24 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында

30 шағын аудан, №169 үй алдындағы аялдаманың сол жағында

31А шағын аудан, №14 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында

32А шағын аудан, №9 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында

32В шағын аудан, №8 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында

34 шағын аудан, №1 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында

Өмірзақ ауылы

Өмірзақ ауылы, №59 ғимараттың алдында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады