Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қыркүйектегі № 210 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 16 қыркүйекте № 3993 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы" Заңдарына сәйкес, Бейнеу ауданының әкімдігі.ҚАУЛЫ.ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі,бекітілсін.

      2. "Бейнеу аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н. Кенбаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Бейнеу ауданы әкімдігінің интернет ресурсында, орналастырылуын,қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Манкешоваға.жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Абилов

  Бейнеу ауданы әкімдігінің
  2019 жылғы 4 қыркүйектегі
  № 210 қаулысына
  қосымша

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 02.03.2021 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Автомобиль жолдарының индексі

Автомобиль жолдарының атауы

Жалпы ұзындығы

1

2

3

4

1

KR-BG-1

Боранқұл-Сарықамыс автомобиль жолы

80 шақырым

2

KR-BG-2

Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш автомобиль жолы

73 шақырым

3

KR-BG-3

Ақжігіт-Сам автомобиль жолы

25 шақырым


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады