2019 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 360 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 23 қаңтарда № 8245 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабы 5)-тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес 2019 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Мәслихаттың
2019 жылғы 14 қаңтардағы
№ 360 шешіміне қосымша

2019 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

Арнайы су пайдаланудың түрі

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері (теңге)

Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер

1 000 текше метр

127,31

Өнеркәсiп, жылу энергетикасын қоса есептегенде

1 000 текше метр

363,13

Ауыл шаруашылығы

1 000 текше метр

100,17

Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

1 000 текше метр

100,17


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады