Мәслихаттың 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 100 "Қостанай облысының облыстық бюджеті мен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы мәслихатының 2019 жылғы 22 қарашадағы № 444 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 қарашада № 8791 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 29 "Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы" Жарлығына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облыстық мәслихатының "Қостанай облысының облыстық бюджеті мен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы" 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 100 (2016 жылғы 29 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6749 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында:

      "Таран" сөзі "Бейімбет Майлин" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      реттік нөмірі 14-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

14

Бейімбет Майлин ауданы

60 731

68 485

71 757

      ";

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында:

      реттік нөмірі 14-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

14

Бейімбет Майлин ауданы

14 626

15 658

16 587

      ".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С. Ещанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады