Санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу жөніндегі әкімдіктің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 543 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 қаңтарда № 8884 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 29 "Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы" Жарлығына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізілсін.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мухамбетов

  Әкімдіктің
2019 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 543 қаулысына
қосымша

Қостанай облысы әкімдігінің өзгерістер енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Таран ауданының аумағындағы № 1, № 2, № 4 ұңғымаларының учаскесінде "Викторовское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шаруашылық-ауыз сумен су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы" 2012 жылғы 7 қыркүйектегі № 394 қаулысында (2012 жылғы 25 қазанда "Костанайские новости" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3850 болып тіркелген):

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бейімбет Майлин ауданының аумағындағы № 1, № 2, № 4 ұңғымалар учаскесінде "Викторовское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының аумағындағы № 1, № 2, № 4 ұңғымалар учаскесінде "Викторовское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.";

      мемлекеттік тілдегі көрсетілген қаулының қосымшасында "Таран ауданының" сөз тіркесі "Бейімбет Майлин ауданының" деген сөз тіркесімен ауыстырылсын;

      орыс тіліндегі көрсетілген қаулының қосымшасында "Тарановского района" сөз тіркесі "района Беимбета Майлина" деген сөз тіркесімен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулының қосымшасында ескерту алынып тасталсын.

      2. Қостанай облысы әкімдігінің "Краснооктябрь боксит кеніш басқармасы "Алюминий Казахстана" акционерлік қоғамы филиалының шаруашылық-ауыз су тартуы үшін санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы" 2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 543 қаулысында (2013 жылғы 5 ақпанда "Костанайские новости" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3978 болып тіркелген):

      көрсетілген қаулының қосымшасында "Таран ауданы" сөз тіркесі "Бейімбет Майлин ауданы" деген сөз тіркесімен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулының қосымшасында ескерту алынып тасталсын.

      3. Қостанай облысы әкімдігінің "Таран ауданының Асенкритовка ауылындағы № 1 ұңғыманың учаскесінде жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы" 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 120 қаулысында (2013 жылғы 4 маусымда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4122 болып тіркелген):

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бейімбет Майлин ауданының Асенкритовка ауылындағы № 1 ұңғыма учаскесінде жер асты шаруашылық-ауыз суын тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының Асенкритовка ауылындағы № 1 ұңғыма учаскесінде жер асты шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.";

      көрсетілген қаулының қосымшасында "Таран ауданының" сөз тіркесі "Бейімбет Майлин ауданының" деген сөз тіркесімен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулының қосымшасында ескерту алынып тасталсын.

      4. Қостанай облысы әкімдігінің "Таран ауданында орналасқан Козырев кен орнының № 3э/6806 және № 4э/6807 ұңғымалары учаскесінде жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы" 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 121 қаулысында (2013 жылғы 26 сәуірде "Қостанай таңы" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4098 болып тіркелген):

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бейімбет Майлин ауданында орналасқан Козырев кен орнының № 3э/6806 және № 4э/6807 ұңғымалары учаскесінде жер асты шаруашылық-ауыз суын тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданында орналасқан Козырев кен орнының № 3э/6806 және № 4э/6807 ұңғымалары учаскесінде жер асты шаруашылық-ауыз суын тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.";

      көрсетілген қаулының қосымшасында "Таран ауданында" сөз тіркесі "Бейімбет Майлин ауданында" деген сөз тіркесімен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулының қосымшасында ескерту алынып тасталсын.

      5. Қостанай облысы әкімдігінің "Таран ауданындағы Апановка теміржол станциясының аумағында орналасқан № 1, № 55а ұңғымалар учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы" 2013 жылғы 17 маусымдағы № 236 қаулысында (2013 жылғы 30 шілдеде "Қостанай таңы" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4188 болып тіркелген):

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бейімбет Майлин ауданындағы Апановка теміржол станциясының аумағында орналасқан № 1, № 55а ұңғымалар учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданындағы Апановка теміржол станциясының аумағында орналасқан № 1, № 55а ұңғымалар учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.";

      көрсетілген қаулының қосымшасында "Таран ауданындағы" сөз тіркесі "Бейімбет Майлин ауданындағы" деген сөз тіркесімен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулының қосымшасында ескерту алынып тасталсын.

      6. Қостанай облысы әкімдігінің "Таран ауданының Ақсуат ауылы шекарасындағы Тобыл өзенінде көлденең арна астындағы кәріз учаскесінде Тобыл орталықтандырылған сіңіру шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы" 2013 жылғы 16 қазандағы № 444 қаулысында (2013 жылғы 12 желтоқсанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4309 болып тіркелген):

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бейімбет Майлин ауданының Ақсуат ауылы шекараларындағы Тобыл өзенінде көлденең арна астындағы кәріз учаскесінде Тобыл орталықтандырылған сіңіру шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының Ақсуат ауылы шекараларындағы Тобыл өзенінде көлденең арна астындағы кәріз учаскесінде Тобыл орталықтандырылған сіңіру шаруашылық-ауыз суын тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.";

      мемлекеттік тілдегі көрсетілген қаулының қосымшасында "Таран ауданының" сөз тіркесі "Бейімбет Майлин ауданының" деген сөз тіркесімен ауыстырылсын;

      орыс тіліндегі көрсетілген қаулының қосымшасында "Тарановского района" сөз тіркесі "района Беимбета Майлина" деген сөз тіркесімен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулының қосымшасында ескерту алынып тасталсын.

      7. Қостанай облысы әкімдігінің "Таран ауданының Береговое ауылындағы № 10137 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы" 2013 жылы 16 қазандағы № 450 қаулысында (2013 жылғы 12 желтоқсанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4314 болып тіркелген):

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бейімбет Майлин ауданының Береговое ауылындағы № 10137 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының Береговое ауылындағы № 10137 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.";

      көрсетілген қаулының қосымшасында "Таран ауданының" сөз тіркесі "Бейімбет Майлин ауданының" деген сөз тіркесімен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулының қосымшасында ескерту алынып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады