Мәслихаттың 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 12 "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 428 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 желтоқсанда № 8844 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2020 жылғы 21 шілдедегі № 494 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 21.07.2020 № 494 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 12 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6321 болып тіркелді, 2016 жылғы 31 мамырда "Наш Костанай" газетінде жарияланды) шешіміне мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      Жиналыстар мен митингілерді өткізу орындары Қағидаларының 1-қосымшасы мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:

      "

3

Қобыланды батыр даңғылы және Қайырбеков көшесі шекараларындағы Текстильщиков көшесі бойындағы аллеясы

      ".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы М. Бут
      Қостанай қалалық мәслихатының хатшысы Б. Сандыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады