Мәслихаттың 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 "Таран ауданының 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2019 жылғы 4 қыркүйектегі № 308 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 10 қыркүйекте № 8649 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 29 Жарлығына сәйкес ауданның мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Таран ауданының 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 (2018 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8184 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бейімбет Майлин ауданының 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы";

      көрсетілген шешімнің кіріспесінде "аудандық мәслихат" сөз тіркесі "ауданның мәслихаты" деп ауыстырылсын;

      көрсетілген шешімнің 5-тармағында "Таран ауданының әкімдігі" сөз тіркесі "Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі" деп ауыстырылсын;

      көрсетілген шешімнің 8, 11-тармақтарында "Таран ауданының" сөз тіркесі "Бейімбет Майлин ауданының" деп ауыстырылсын;

      көрсетілген шешімнің 6-қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2019 жылға арналған Бейімбет Майлин ауданының ауылдар, ауылдық округтер арасында жергілікті өзін-өзі басқару органдарға трансферттерді бөлу".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ж. Курмангалиев
      Аудан мәслихатының хатшысы С. Сапабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады