Байланыс формасы

2019 жылға арналған Павлодар қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 346/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 сәуірде № 6286 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 8) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына сәйкес, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, Павлодар қаласының ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. Н. Мұқановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласының әкімі Ә. Күмпекеев

  Павлодар қаласы әкімдігінің
2019 жылғы "2" сәуірдегі
№ 346/1 қаулысына
қосымша

2019 жылға арналған Павлодар қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан
босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

р/с №

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны, адам

Квотаның көлемі (жұмыскерлердің тізімдік санынан), %

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға арналған жұмыс орындарының саны, адам

1

"Қазақстан электролиз зауыты" акционерлік қоғамы

2560

1

26

2

"ПАВЛОДАРЭНЕРГО" акционерлік қоғамы

1949

1

19

3

"Павлодар электржелістік Тарату компаниясы" Акционерлік қоғамы

1241

1

12

4

"РУБИКОМ" кәсіпорын жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

1152

1

12

5

"Кастинг" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Павлодар филиалы

1094

1

11

6

"Павлодарские тепловые сети" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

740

1

7

7

"Павлодар қаласының трамвай басқармасы" акционерлік қоғамы

658

1

7

8

"КАУСТИК" Акционерлік қоғамы

563

1

6

9

"Казэнергокабель" Акционерлік қоғамы

473

1

5

10

"Павлодарэнергосбыт" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

437

1

4

11

"ПАВЛОДАРЖОЛДАРЫ" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

232

1

2

12

"Гостиничный комплекс "ИРТЫШ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

157

1

2

13

"Компания ФудМастер-Трэйд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Павлодар қаласындағы филиалы

121

1

1

14

"Автобусный парк №1" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

108

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады