Ақсу қаласында 2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 271/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 сәуірде № 6311 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық–атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақсу қаласының ұйымдарында пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы ұйымдастыру-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Каппасовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Б. Ыбыраев

  Ақсу қаласы
әкімдігінің 2019 жылғы
18 сәуірдегі № 271/3
қаулысына
қосымша

Ақсу қаласында 2019 жылға пробация
қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру
үшін жұмыс орындарының квотасы

р/с №

Кәсіпорындардың, ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Белгіленген квотаның мөлшері %.

Жұмыс орындар саны (адам )

1

2

3

4

5

1.

"Қазхром" Трансұлттық компания" Акционерлік қоғамының филиалы-Ақсу ферроқорытпа зауыты"

6592

1

66

2.

"Еуроазиаттық энергетикалық корпорация" акционерлік қоғамы

2015

1

20

3.

Ақсу қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақсу су арнасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

296

1

3

4.

Павлодар обласының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Ақсу арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

155

1

3

5.

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақсу қаласының қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

829

1

8

6.

Ақсу қаласы әкімдігінің, "Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Теплосервис - Ақсу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

103

1

1

7.

"Уштерек и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

110

1

1

8.

"Еуразия" Медициналық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Ақсу филиалы

287

1

3

9.

"Монтажно-Ремонтное предприятие "Гарант-Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

142

1

1

10.

"AksuTransLogistic" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

128

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады