Байланыс формасы

Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің Төрт құдық ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 1-03/05 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 7 наурызда № 6265 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 1-03/08 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің 19.06.2019 № 1-03/08 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің Төрт құдық ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Достық ауылдық
      округінің әкімі Р. Жаксылыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады