Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 7 наурыздағы "Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің Төрт құдық ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-03/05 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 1-03/08 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 маусымда № 6427 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілері туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2019 жылғы 23 мамырдағы № 2-19/260 ұсынысы негізінде, Достық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің Төрт құдық ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 7 наурыздағы "Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің Төрт құдық ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-03/05 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6265 болып тіркелген, 2019 жылғы 14 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Достық ауылдық округінің әкімі Р. Жаксылыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады