Ертіс ауданындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 16 қаңтардағы № 14/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 қаңтарда № 6239 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Заңының 6-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ертіс ауданындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Павлодар облысының Полиция департаменті Ертіс ауданының полиция бөлімі (келісім бойынша) осы қаулыны іске асыру мақсатында тиісті іс-шаралардың өткізуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы,, қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Батырғожинов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер Министрлігі
      Павлодар облысының
      Полиция департаменті
      Ертіс ауданының Полиция бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы Д. Молдабаев
      "16" қаңтар 2019 жыл

  Ертіс ауданы әкiмдiгiнiң
2019 жылғы "16" қантардағы
№ 14/1 қаулысына
қосымша

Ертіс ауданындағы қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды
көтермелеудің түрлерi мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

      1. Азаматтарды көтермелеудің түрлерi:

      1) Ертіс ауданы әкімінің Құрмет грамотасы;

      2) Ертіс ауданы әкімінің Алғыс хаты;

      3) ақшалай сыйақы;

      4) құнды сыйлық.

      2. Азаматтарды көтермелеудің тәртібі:

      1) қоғамдық тәртіпті,сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды;

      2) қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты (қолдау хат) Комиссияның қарауына "Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министірлігі Павлодар облысының Полиция департаменті Ертіс ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Ертіс ауданының ПБ) енгізеді;

      3) комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады;

      4) Ертіс ауданының ПБ ақшалай сыйақыны төлеуді және құнды сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді;

      5) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға Ертіс ауданы әкімінің Құрмет грамотасын, Ертіс ауданы әкімінің Алғыс хатын, ақшалай сыйақы, құнды сыйлықтар беруді Ертіс ауданының ПБ жүзеге асырады.

      Ақшалай сыйақы мөлшері мен құнды сыйлықтың бағасы 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспауы қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады