Ертіс аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 130-26-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қатені түзеу

Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 168-39-6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 мамырда № 6338 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2020 жылғы 19 қазандағы № 245-58-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 19.10.2020 № 245-58-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ертіс аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 130-26-6 шешіміне (бұдан әрі – Қағида) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5988 болып тіркелген, 2018 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      Қағиданың 1-тарауы 2-тармағының 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "1) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Ертіс ауданының бөлімі;";

      Қағиданың 1-қосымшасында:

      1-тармағында:

      9-3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, өрттің салдарынан тіршілікке қажетті жабдықсыз қалған адамдар;";

      2-тармағында:

      бесінші абзацтағы "70 АЕК дейін" деген сөздерден кейін "үш жыл ішінде мұндай көмек түрін бұрын алмаған азаматтарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      жетінші абзацтағы "10" саны "20" санына ауыстырылсын;

      он бірінші абзац келесі редакцияда жазылсын:

      "осы Тізбенің 1-тармағының 10-3) тармақшасында көрсетілген санаттарға науқастың емделу тәртібін сақтаған жағдайда амбулаторлық емделу мерзіміне жақсартылған тамаққа 7 АЕК мөлшерінде, амбулаториялық емдеу кезеңін көрсете отырып шаруашылықты жүргізу құқығындағы "Ертіс орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны емханасымен берілетін, дәрігерлік кеңес комиссиясының анықтамасы негізінде.";

      3-тармағында:

      жетінші абзац келесі редакцияда жазылсын:

      "осы Тізбенің 1-тармағының 9-4) тармақшасында, 15 АЕК дейін мөлшерінде".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ертіс аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік саясат және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Аушенов
      Ертіс аудандық
      мәслихатының хатшысы Б. Шингисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады