Ертіс аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 130-26-6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2019 жылғы 22 шілдедегі № 182-42-6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 тамызда № 6492 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2020 жылғы 19 қазандағы № 245-58-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 19.10.2020 № 245-58-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ертіс аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 130-26-6 шешіміне (бұдан әрі - Қағида) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5988 болып тіркелген, 2018 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Қағиданың 1-қосымшасында:

      1-тармақ келесі мазмұндағы 10-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-4) бүйректің толық екі еселеу түрі бойынша жоғарғы несеп жолдарының туа біткен даму ауытқуынан зардап шегетін адамдар;";

      2-тармағы келесі мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:

      "осы Тізбенің 1-тармағының 10-4) тармақшасында "Ертіс орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасына сәйкес 5 АЕК мөлшерінде қосымша гигиеналық құралдарды сатып алуға.";

      3-тармақтың тоғызыншы абзацында "10 (он) АЕК мөлшерінде" деген сөздер мен сандар "20 (жиырма) АЕК мөлшерінде" деген сөздер мен сандарға ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ертіс аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік саясат және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Л. Гунжель
      Мәслихат хатшысы Б. Шингисов

О внесении изменений и дополнений в решение Иртышского районного маслихата от 23 мая 2018 года № 130-26-6 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Иртышского района"

Решение маслихата Иртышского района Павлодарской области от 22 июля 2019 года № 182-42-6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 1 августа 2019 года № 6492. Утратило силу решением Иртышского районного маслихата Павлодарской области от 19 октября 2020 года № 245-58-6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением Иртышского районного маслихата Павлодарской области от 19.10.2020 № 245-58-6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии c пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Иртышский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Иртышского районного маслихата от 23 мая 2018 года № 130-26-6 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Иртышского района" (далее - Правила) (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5988, опубликованное 13 июня 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения и дополнения:

      в приложении 1 Правил:

      пункт 1 дополнить подпунктом 10-4) следующего содержания:

      "10-4) лица, страдающие врожденной аномалией развития верхних мочевых путей по типу полного удвоения почек;";

      пункт 2 дополнить двенадцатым абзацем следующего содержания:

      "подпункте 10-4) пункта 1 настоящего Перечня на приобретение дополнительных гигиенических средств, согласно справки врачебно-консультативной комиссии, предоставляемой коммунальным государственным предприятием на праве хозяйственного ведения "Иртышская центральная районная больница" в размере 5 МРП.";

      в девятом абзаце пункта 3 слова и цифры "в размере 10 (десяти) МРП" заменить на слова и цифры "в размере 20 (двадцати) МРП".

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Иртышского районного маслихата по бюджету, социальной политике и законности.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Л. Гунжель
      Секретарь маслихата Б. Шингисов