Байланыс формасы

2020 жылға арналған Ертіс ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 1 қарашадағы № 274/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 7 қарашада № 6596 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 7), 8) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына сәйкес, Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жұмыс орындарының квотасы:

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды Ертіс ауданының ұйымдарында, ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, жұмысқа орналастыру үшін 1-қосымшаға сәйкес;

      пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды Ертіс ауданының ұйымдарында, ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, жұмысқа орналастыру үшін 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ертіс ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Б. Шарипов

  Ертіс ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "1" қарашадағы
№ 274/6 қаулысына
1-қосымша

2020 жылға арналған Ертіс ауданы бойынша бас бостандығынан
айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа
орналастыруға арналған жұмыс орындары квотасы

Р/с №

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санынан %)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға арналған жұмыс орындарының саны(бірлік)

1

"Абай" атындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

224

1%

2

2

"Ертіс" тәжірибе шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

164

1%

2

3

"УРАЗБАЕВ" шаруа қожалығы

65

1%

1

  Ертіс ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "1" қарашадағы
№ 274/6 қаулысына
2-қосымша

2020 жылға арналған Ертіс ауданы бойынша пробация
қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа
орналастыруға арналған жұмыс орындары квотасы

Р/с №

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санынан %)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға арналған жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Абай" атындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

224

1%

2

2

"Ертіс" тәжірибе шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

164

1%

2

3

"УРАЗБАЕВ" шаруа қожалығы

65

1%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады