Ертіс ауданы Қоскөл ауылдық округі Қызылқақ ауылының аймағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс ауданы Қоскөл ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 10 қазандағы № 1-22-2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 14 қазанда № 6569 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс ауданы Қоскөл ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 1-22-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс ауданы Қоскөл ауылдық округі әкімінің 11.12.2019 № 1-22-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңы 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, 2019 жылғы 14 тамыздағы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ертіс аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының № 2 ұсынысы негізінде, Қоскөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ертіс ауданы Қоскөл ауылдық округінің Қызылқақ ауылының аймағында ірі қара мал арасында инфекциалық ринотрахеит ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі Б. Кажахатов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және қадағалау
      комитетінің Ертіс аудандық аумақтық
      инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің
      басшысы Е. Каримжанов
      2019 жылғы "9" қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады