Тереңкөл ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 қаңтарда № 6241 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 тамыздағы № 201/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 14.08.2020 № 201/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Заңының 6-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi айқындалсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Павлодар облысы Полиция департаментінің Қашыр ауданының Полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы қаулыны іске асыру мақсатында тиісті іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тереңкөл ауданы әкімі аппаратының басшысы Р. Б. Мұқановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Әйткенов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер Министрлігі
      Павлодар облысы
      Полиция департаментінің
      Қашыр ауданының
      Полиция бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Кәрімов

  Тереңкөл ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "9" қаңтардағы
№ 3 қаулысына
қосымша

Тереңкөл ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды
көтермелеудің түрлері мен тәртібі және оларға ақшалай сыйақының мөлшері

      1. Азаматтарды көтермелеудің түрлерi:

      1) Тереңкөл ауданы әкімінің Құрмет грамотасы;

      2) Тереңкөл ауданы әкімінің Алғыс хаты;

      3) ақшалай сыйақы;

      4) құнды сыйлық.

      2. Азаматтарды көтермелеудің тәртібі:

      1) қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қарайды;

      2) қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты (қолдау хат) Комиссияның қарауына "Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Павлодар облысы Полиция департаментінің Қашыр ауданының Полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Качир ауданының ПБ) енгізеді;

      3) комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады;

      4) Качир ауданының ПБ ақшалай сыйақыны төлеуді және құнды сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді;

      5) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға Тереңкөл ауданы әкімінің Құрмет грамотасын, Тереңкөл ауданы әкімінің Алғыс хатын, ақшалай сыйақы, құнды сыйлықтар беруді Качир ауданының ПБ жүзеге асырады.

      Ақшалай сыйақы мөлшері мен құнды сыйлықтың бағасы 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспауы қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады