Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі бойынша жолаушыларды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 338/7 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 қарашада № 6614 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабы 4, 5-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 4 тамыздағы "Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарын қайта атау туралы" № 724 Жарлығына сәйкес, Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі бойынша жолаушыларды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдау тарифтері белгіленсін:

      "Тереңкөл ауылы" бойынша 50 (елу) теңге көлемінде;

      "Тереңкөл ауылы-Ынталы ауылы" бойынша 80 (сексен) теңге көлемінде.

      2. Качир ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 20 маусымдағы "Качир ауданы Тереңкөл ауылдық округі бойынша жолаушыларды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы" № 228/5 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6008 болып тіркелген, 2018 жылғы 17 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тереңкөл ауданы әкімінің орынбасары М. Б. Зеновқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Айткенов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Тереңкөл аудандық
      мәслихатының хатшысы С. Баяндинов
      2019 жылғы "31" қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады