Шарбақты ауданындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 5 ақпандағы № 23/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 ақпанда № 6251 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Заңының 6-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шарбақты ауданындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Павлодар облысының полиция департаменті Шарбақты ауданының полиция бөлімі (келісім бойынша) осы қаулыны іске асыру мақсатында тиісті іс-шаралардың өткізуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ә. Әбеуов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрлігі
      Павлодар облысының
      полиция департаменті
      Шарбақты ауданының
      полиция бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы Е. Нұрғалиев
      29 қаңтар 2019 жыл

  Шарбақты ауданы әкiмдiгiнiң
2019 жылғы "5" ақпандағы
№ 23/1 қаулысына
қосымша

Шарбақты ауданындағы қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды
көтермелеудің түрлерi мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

      1. Азаматтарды көтермелеудің түрлерi:

      1) Шарбақты ауданы әкімінің Құрмет грамотасы;

      2) Шарбақты ауданы әкімінің Алғыс хаты;

      3) ақшалай сыйақы;

      4) құнды сыйлық.

      2. Азаматтарды көтермелеудің тәртібі:

      1) қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды;

      2) қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты (қолдау хат) Комиссияның қарауына "Шарбақты ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –Шарбақты ауданының ПБ) енгізеді;

      3) комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      4) Шарбақты ауданының ПБ ақшалай сыйақыны төлеуді және құнды сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді;

      5) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға Шарбақты ауданы әкімінің құрмет грамотасын, Шарбақты ауданы әкімінің алғыс хатын, ақшалай сыйақы, құнды сыйлықтар беруді Шарбақты ауданының ПБ жүзеге асырады.

      Ақшалай сыйақы мөлшері мен құнды сыйлықтың бағасы 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспауы қажет.

О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Щербактинском районе

Постановление акимата Щербактинского района Павлодарской области от 5 февраля 2019 года № 23/1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 11 февраля 2019 года № 6251

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", с подпунктом 3) пункта 2 статьи 3 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об участии граждан в обеспечении общественного порядка" и с подпунктом 3) пункта 2 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 29 апреля 2010 года "О профилактике правонарушений" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить виды и порядок поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Щербактинском районе, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Отделу полиции Щербактинского района Департамента полиции Павлодарской области Министерства внутренних дел Республики Казахстан (по согласованию) обеспечить проведение соответствующих мероприятий в целях реализации настоящего постановления.

      3. Контроль над исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района А. Абеуов
      "СОГЛАСОВАНО"
      Начальник государственного учреждения
      "Отдел полиции Щербактинского района
      Департамента полиции Павлодарской области
      Министерства внутренних дел
      Республики Казахстан" Е. Нургалиев
      29 января 2019 года

  Приложение
к постановлению акимата
Щербактинского района от "5"
февраля 2019 года № 23/1

Виды и порядок поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан,
участвующих в обеспечении общественного порядка в Щербактинском районе

      1. Виды поощрений граждан:

      1) почетная грамота акима Щербактинского района;

      2) благодарственное письмо акима Щербактинского района;

      3) денежное вознаграждение;

      4) ценный подарок.

      2. Порядок поощрений граждан:

      1) вопросы поощрения граждан, участвующих в охране общественного порядка, рассматриваются районной комиссией по поощрению граждан, участвующих в охране общественного порядка (далее - Комиссия);

      2) представление (ходатайство) о поощрении граждан, принимающих активное участие в охране общественного порядка, вносится на рассмотрение Комиссии государственным учреждением "Отдел полиции Щербактинского района" (далее – ОП Щербактинского района);

      3) основанием для поощрения является решение, принимаемое Комиссией;

      4) выплата денежного вознаграждения и приобретение ценного подарка производится ОП Щербактинского района за счет средств областного бюджета;

      5) вручение почетной грамоты акима Щербактинского района, благодарственного письма акима Щербактинского района, денежного вознаграждения, ценного подарка гражданам за вклад в обеспечение общественного порядка осуществляется ОП Щербактинского района.

      Размер денежного вознаграждения и стоимость ценного подарка не должны превышать 10-кратного месячного расчетного показателя.