Алматы қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 4/605 және VI cайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XХХІX сессиясының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 300 "Алматы қаласының көшелерін қайта атау туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 1/69 қаулысы және VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХLІI сессиясының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 310 шешімі. Алматы қаласы әдiлет департаментінде 2019 жылғы 31 қаңтарда № 1523 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Алматы қаласының көшелерін қайта атау туралы" бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 4/605 қаулысына және VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XХХІX сессиясының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 300 шешiмiне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1521 болып тіркелген, "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде 2019 жылғы 5 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақта:

      Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша "Таугүл" шағын ауданындағы:

      "Әділет көшесі;" деген сөздер "Мұстай Кәрім көшесі;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша "Первомайский" шағын ауданындағы:

      "Мұстай Кәрім көшесі;" деген сөздер "Әділет көшесі;" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Алматы қаласы Әуезов, Жетісу аудандарының әкімдері, "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы", "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы", "Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемелері осы бірлескен қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы бірлескен қаулы мен шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының жергілікті мемлекеттік басқару және тұрғын үй саясаты жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Е. Еркінбаевқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаевқа жүктелсін (келісім бойынша).

      5. Осы бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы мен Алматы қаласы мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек
      VІ сайланған Алматы қаласы
мәслихатының кезектен тыс ХLІІ
сессиясының төрағасы
Ф. Мерхамитқызы
      VІ сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы
Қ. Қазанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады