VI сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXI сессиясының "Алматы қаласы бойынша іске асыруға жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы" 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 147 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Жаңа

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХLVII сессиясының 2019 жылғы 27 мамырдағы № 359 шешiмi. Алматы қаласы Әдiлет департаментінде 2019 жылғы 31 мамырда № 1566 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Заңы 24-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. VI сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXI сессиясының "Алматы қаласы бойынша іске асыруға жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы" 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 147 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1404 болып тіркелген, 2017 жылғы 21 қыркүйекте "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласы бойынша іске асыруға жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі:

      мынадай мазмұндағы, 13 жолмен толықтырылсын:

      "

13.

Алматы арена және Халық аренаны көп функционалды және кешенді басқаруды ұйымдастыру

Алматы қаласы Спорт басқармасы

      ".

      2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы С.А. Козловқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      VI сайланған Алматы қаласы
мәслихатының XLVII
сессиясының төрағасы
И. Байрамуков
      VI сайланған Алматы
қаласы маслихатының хатшысы
Қ. Қазанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады