2025 жылға дейін Алматы қаласы үшін қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы

Жаңа

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LII сессиясының 2019 жылғы 9 тамыздағы № 379 шешiмi. Алматы қаласы Әдiлет департаментінде 2019 жылғы 15 тамызда № 1577 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-бабы 3) тармақшасына сәйкес, VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес 2025 жылға дейін Алматы қаласы үшін қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері бекітілсін.

      2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының кәсіпкерлікті және коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы К.В. Авершинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары С.Қ. Тұяқбаевқа (келісім бойынша) жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының
кезектен тыс LII сессиясының төрағасы,
мәслихат хатшысы
Қ. Қазанбаев

  Алматы қаласы мәслихатының
2019 жылғы 9 тамыздағы № 379
шешіміне қосымша

"Атмосфералық ауа" бөлімі бойынша Алматы қаласы үшін қоршаған орта
сапасының нысаналы көрсеткіштері

Нысаналы көрсеткіштер тізбесі

Нысаналы көрсеткіштердің кезеңдер бойынша мәндері

Өлшем бірлігі

Алғашқы деңгейі

2020 жыл

2022 жыл

2025 жыл

Атмосфераға стационарлық көздерден тарайтын ластаушы заттардың жалпы шығарындысы, (нормативтік көлем).

тонна жылына

74 969

72 012

72 012
аспайтын

72 012
аспайтын

Атмосфераға жылжымалы көздерден тарайтын ластаушы заттардың жалпы шығарындысы.

тонна жылына

80 000

67 000

54 000

38 000

Атмосфераның ластану индексі (АЛИ), қала бойынша орташа.

индекс

6

5,5

5,3

5

Атмосфералық ауадағы күкірт диоксиді (SO2) құрамының қала бойынша орташа максималды деңгейі.

шекті жол берілетін максималды біржолғы концентрация үлесі

3,5

3

2,5

2

Атмосфералық ауадағы азот диоксиді (NО2) құрамының қала бойынша орташа максималды деңгейі.

шекті жол берілетін максималды біржолғы концентрация үлесі

2,5

2

1,7

1,5

Атмосфералық ауадағы көміртег оксиді (СО) құрамының қала бойынша орташа максималды деңгейі.

шекті жол берілетін максималды біржолғы концентрация үлесі

4,1

3,5

3

2,5

Қазгидромет
№ 12 посты маңында (Райымбек даңғылы Наурызбай батыр көшесі қиылысы) атмосфералық ауадағы азот диоксиді (NO2) құрамының қала бойынша орташа максималды деңгейі.

шекті жол берілетін максималды біржолғы концентрация үлесі

2,3

2

1,8

1,5

Төле би және Амангелді көшелері маңында атмосфералық ауадағы диаметрі 2,5 микроннан аспайтын, ұсақ дисперстік өлшенетін бөлшектердің максималды деңгейі (РМ 2,5).

миллиграмм текше метрге

0,500

0,400

0,250

0, 160

Төле би және Амангелді көшерінің маңында атмосфералық ауадағы диаметрі 2,5 микроннан аспайтын, ұсақ дисперстік өлшенетін бөлшектер құрамының тәуліктік деңгейі (РМ 2,5).

миллиграмм текше метрге

0,043

0,040

0,038

0,035

Қазгидромет №27 ("Медеу" метеостанциясы, Горная көшесі, 548 үй) маңында атмосфералық ауадағы күкірт диоксиді құрамының (SO2) максимальды деңгейі.

шекті жол берілетін максималды біржолғы концентрация үлесі

2,5

2

1

0,56

Көк-Жайлау шатқалы маңындағы атмосфералық ауадағы азот диоксиді (NO2) құрамының максималды деңгейі.

шекті жол берілетін максималды біржолғы концентрация үлесі

0,1

0,1 аспайтын

0,1
аспайтын

0,1
аспайтын

Кенжехан базары, Солтүстік айналым маңындағы атмосфералық ауадағы азот диоксиді (NO2) құрамының максималды деңгейі.

шекті жол берілетін максималды біржолғы концентрация үлесі

1,91

1,7

1,5

1,2

Розыбакиев көшесі және Райымбек даңғылы қиылысы маңындағы атмосфералық ауадағы азот оксиді (NO) құрамының максималды деңгейі.

шекті жол берілетін максималды біржолғы концентрация үлесі

2,72

2,5

2,3

2

Байзақов көшесі және Райымбек даңғылы маңындағы атмосфералық ауадағы азот диоксиді NO2 құрамының максималды деңгейі.

шекті жол берілетін максималды біржолғы концентрация үлесі

3,56

3

2,5

2

"Су ресурстарының жағдайы" бөлімі бойынша Алматы қаласы үшін қоршаған
орта сапасының нысаналы көрсеткіштері (жерүсті сулары)

Нысаналы көрсеткіштер тізбесі

Нысаналы көрсеткіштердің кезеңдер бойынша мәндері

Өлшем бірлігі

Алғашқы деңгейі

2020 жыл

2022 жыл

2025 жыл

Алматы көлінен (Әуежай) алынатын, лактозаға оң ішек таяқшалары (ЛОІТ) индексі бойынша бактериологиялық көрсеткіштері нормативтеріне сәйкес келмейтін судың сынамасының үлес салмағы.

 
%

100

80

60

50

Сайран көлінен алынатын, лактозаға оң ішек таяқшалары (ЛОІТ) индексі бойынша бактериологиялық көрсеткіштері нормативтеріне сәйкес келмейтін судың сынамасының үлес салмағы.

 
%

100

80

60

50

Пархач көлінен алынатын, лактозаға оң ішек таяқшалары (ЛОІТ) индексі бойынша бактериологиялық көрсеткіштері нормативтеріне сәйкес келмейтін судың сынамасының үлес салмағы.

 
%

100

90

80

70

"Коммуналдық қалдықтар" бөлімі бойынша Алматы қаласы үшін қоршаған
орта сапасының нысаналы көрсеткіштері

Нысаналы көрсеткіштер тізбесі

Нысаналы көрсеткіштердің кезеңдер бойынша мәндері

Өлшем бірлігі

Алғашқы деңгейі

2020 жыл

2022 жыл

2025 жыл

Қоқыстарды шығару бойынша қызметтермен қамтмасыз етілуі.

%

100

100

100

100

Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне қатысты, оларды кәдеге жаратудың үлесі.

үлес

0

8

8

8

Тұрғындардан қайталама ресурстарды қабылдау пункттерінің санын арттыру.

дана

6

20

40

100

"Өсімдіктер жағдайы" бойынша Алматы қаласы үшін қоршаған орта
сапасының нысаналы көрсеткіштері

Нысаналы көрсеткіштер

Нысаналы көрсеткіштердің кезеңдер бойынша мәндері

Өлшем бірлігі

Алғашқы деңгейі

2020 жыл

2022 жыл

2025 жыл

Жалпы пайдаланудағы жасыл екпелердің көлемі
(бір адамға).

Алматы қаласы

шаршы метр

3,07

4,06

4,51

5,39

Алатау ауданы

шаршы метр

0,52

1,72

2,07

2,99

Алмалы ауданы

шаршы метр

4,58

4,74

4,87

5,08

Әуезов ауданы

шаршы метр

1,50

2,85

2,85

3,98

Бостандық ауданы

шаршы метр

4,47

7,91

7,91

7,91

Жетісу ауданы

шаршы метр

2,47

4,37

5,71

10,77

Медеу ауданы

шаршы метр

8,55

8,79

9,13

10,17

Наурызбай ауданы

шаршы метр

0,01

0,25

0,91

2,77

Түрксіб ауданы

шаршы метр

1,08

4,29

5,64

6,40

Сау ағаштар үлесі.

Жалпы қала бойынша

%

57,6

60

65

68

      Қысқартылуы және мағынасы:

      ШЖК м.б. – шекті жол берілетін концентрация, максималды біржолғы;

      SO2 – күкірт диоксиді;

      СО – көміртек оксиді;

      NO – азот оксиді;

      NO2 – азот диоксиді;

      РМ 2,5 – диаметрі 2,5 микроннан аспайтын, ұсақ дисперстік өлшенетін бөлшектер;

      ЛОІТ индексі – лактозаға оң ішек таяқшалары индексі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады